Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің колледжі
Friday, 08 April 2011 14:41
Баршаға мәлім, «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры еліміздің оқу-ағарту саласында қызмет атқарып келе жатқан қазақ-түрік оқу орындарының құрылтайшысы болып табылады. Қордың қарамағында бастауыш мектептер, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаттары, халықаралық мектептер, колледждер мен Сүлейман Демирел Университеті бар.2011-2012 оқу жылында аталған білім ордаларының қатары тағы бір оқу орнымен толыға түспек. Ол - Сүлеймен Демирел Университетінің жанынан ашылатын колледж.
Колледждің басты мақсаты - заман талабына сай қоғамдық және әлеуметтік салаларда сұраныстарға жауап бере алатын , техникалық және арнайы білімді, сапалы мамандарды дайындау.
Колледжде қажетті оқу құралдары, мультимедиялық және компьютермен жабдықталған кабинеттер, кітапхана, жатақхана және санитарлық-медициналық қызмет қарастырылған.
Колледждің оқу процесі үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Колледж қабырғасында компьютерлік технологияның қыр-сырын үйренуге, оқудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, шет тілдерін терең меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізесіз.
Колледжде жастар бірлестігінің атсалысуымен ән-би үйірмелері, көңілді тапқырлар клубы және түрлі мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Талапкерлер назарына!
Колледжге 9-сыныпты бітірген қабілетті, білім деңгейі жоғары оқушылар қабылданады.
Тестілеу пәндері: - математика
- Қазақ тілі (қазақ мектебі)
- Орыс тілі (орыс мектебі)
Колледжге қабылдау талапкердің түсу емтиханында жинаған жалпы ұпай санына қарай жүргізіледі.
Колледжді бітіруші түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Талапкерлер тапсыратын құжаттар тізімі
- Оқуға қабылдау туралы өтініш ;
- 9-сыныпты бітіргені туралы куәлік (түпнұсқасы,көшірмесі);
- 086-У формасында медициналық анықтама (тұрғылықты мекен-жайы бойынша);
- 063-У формасында егу картасы (денсаулық паспорты);
- Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
- РНН (көшірмесі);
- 3х4, 6 дана фотосурет ;
- мінездеме ;
- азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі ;
- мақтау грамоталары.
Оқу корпусының мекен-жайы:
Алматы қаласы, Торайғыров көшесі, 19
Төмендегі мамандықтар бойынша білімгерлер қабылдаймыз!
| 01010103 | Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі | 3 жыл 6 ай. |
| 0105033 | Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғалімі | 3 жыл 10 ай. |
| 0105043 | Бастауыш мектептің қазақ тілі мұғалімі | 3 жыл 10 ай. |
| 0105073 | Бастауыш мектептің математика пәні мұғалімі | 3 жыл 10 ай. |
| 0202013 | Заңгер | 2 жыл 10ай. |
| 0201013 | Халықты әлеуметтік қолдау мекемелерінің маманы | 2 жыл 10 ай. |
| 0201023 | Заңгер- кеңесші | 2 жыл 10 ай. |
| 0416023 | Сызушы | 2 жыл 10 ай. |
| 0416033 | Техник-жобалаушы | 2 жыл 10 ай. |
| 0512013 | Аудармашы | 2 жыл 10 ай. |
| 0512023 | Гид- аудармашы | 2 жыл 10 ай. |
| 0518012 | Есепші | 1 жыл 10 ай. |
| 0518023 | Есепші -ревизор (аудитор) | 2 жыл 10 ай. |
| 0518033 | Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызмет анализі жөніндегі экономист
| 2 жыл 10 ай. |
| 0519023 | Экономист | 2 жыл 10 ай. |
| 0519033 | Еңбек жөніндегі экономист- маман | 2 жыл 10 ай. |
| 0513053 | Маркетолог | 2 жыл 10 ай. |
| 0515013 | Менеджер (салалар бойынша ) | 2 жыл 10 ай. |
| 0516053 | Финанс жұмыстары бойынша экономист – маман | 2 жыл 10ай. |
| 0507053 | Үйлестіруші | 2 жыл 6 ай. |
| 0507063 | Қызмет көрсету менеджері | 2 жыл 6 ай. |
| 1304043 | Техник-программалаушы | 3жыл 6 ай. |
| 1304073 | Техник-электроник | 3 жыл 6 ай. |
