Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттайды. Көктемнің алғашқы айында жер бетіне жақсылық ұялаған Наурыз мерекесін қарсы аламыз.
Наурыз – ежелден келе жатқан түркі халықтарының ортақ мейрамы. 22 Наурыз - жаңа жылдың басы, достықтың, татулықтың, ізгіліктің мерекесі. Бұл күн - жер бетіндегі адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табысатын күн.
Сондай-ақ, бұл күні: Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол! Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!- деп, адамдар бір - біріне тілек білдіреді.
Наурыз мерекесі қарсаңында осы игі дәстүрді ұстана отырып, «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының оқу ісі бөлімінің бастығы Абдуррахман Сел мырза шынайы жүрекжарды тілегімен былайша бөлісті:
«Түркі халықтарының ортақ мерекесі – наурыз татулықтың, ізгіліктің және бақыттың мерекесі. Наурыз мейрамында барлықтарыңызға денсаулық, татулық, байлық және береке тілеймін! Наурыздан наурызға аман-есен жете берейік. Әрқашан еліміз тыныш, отбасымыз аман болғай».
Біз де өз кезегімізде ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, көңілдің кеңейетін кезеңі - наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймыз!
Көктемнің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа шаттық, көңілдерге қуаныш сыйласын!
Ізгі тілекпен: «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры
| < Алдыңғысы | Келесі > |
|---|

