Қазіргі таңда елімізде ұлағатты тәрбие мен сапалы білім беретін ордалар баршылық. Осы орайда Қазақстанның білім кеңістігінде өзіндік үлестерін қосып келе жатқан қазақ-түрік лицейлерінің құрылтайшысы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры Сүлейман Демирел атындағы университеттің жаңа ғимаратын салуды қолға алған болатын.

1996 жылы ашылған бұл оқу орны осы уақытқа дейін шағын ғана ғимаратта білім беріп келуге мәжбүр болса, Қаскелең қаласы жанында үлкен қалашық ретінде салынып XXI ғасыр білім ордасы деуге лайық оқу орны пайдалануға берілді.

Жуырда «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице – президенті Хикмет Туркхан мырзаның бастамасымен «KATEV» ХҚҚ-ның ұжымы Сүлейман Демирел атындағы университетінде болып, жаңа ғимараттың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Бұл университеттің бүгінде заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған 7000-ға жуық студент білім ала алатын жаңа кампуста 4 интернет-кафе, 1 кітапхана, оқу залы, 1 электронды кітапхана, 1 асхана, 3 кафетерий, 8 лекция залдары бар. Университеттің 4 факультеті 24 сала бойынша мамандар даярлайды.
Қазіргі уақытта барлығы 1900-ден аса студент күндізгі және 190 студент магистратура мен PhD докторантура бөлімдерінде білім алуда, олардың 950-і мемлекеттік грант иегерлері.
Университетте жастар күнделікті болып жатқан жаңалықтарды, заманауи білімді меңгеруге, студенттердің көп тілді меңгеріп шығуына толық жағдай жасалған.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай тарту етілген жаңа қалашық Қаскелең қаласының ажарын аша түскендей.
| < Алдыңғысы | Келесі > |
|---|

