Өскеменде «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді

«КАТЕV» ХҚҚ- ның ұйымдастырумен жыл сайын өткізілетін «Жарқын болашақ» олимпиадасының кезекті қалалық іріктеуінде  Өскемен қаласының «Нұр Орда» халықаралық мектебінен  қатысқан  төрт оқушының үшеуі жүлделі орынға ие болды. 

 

 

 

 

 

 

 

«Сөз шеберлері» сайысында  сынып оқушысы мектебіміздің Президенті Алқуатов Нұрсұлтан Атыраулық ақын Айсырға Қилыбаеваның «Қазақ тілі шешендіктің мектебі» өлеңін және халқымыздың біртуар қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының қазақ тілі туралы ой толғауынан үзінді оқып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

«Жас ғалымдар» конкурсында өзінің тың тақырып «Елбасы Н.Ә. Назарбаев шығармаларындағы азаматтық рух пен ұлттық нақышты» таңдауымен әділ қазыларды елең еткізген  8 «а» сынып оқушысы Алханова Райхан ІІІ орынды иеленді.

«Әнші бұлбұлдар» сайысында 8 «б» сынып оқушысы Сүмейе Йылмаз Е. Хасангалиевтің  «Қазақ тілі»  әнін орындап ІІ орынға ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған оқушыларды дайындаған қазақ тілі пәні мұғалімдері Бисаринова Салтанат Қумарқызы, Зақанова Құралай Қыдырбекқызы, Тілеубек Сәулеш  алғыс хаттармен марапатталды.

Өскемен қаласы, «Нұр Орда» Халықаралық мектебі