Қызылорда ер ҚТЛ-де жергілікті өнер майталмандарымен кездесу өтті

Қызылорда қаласындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей – интернатында қазақ тілі апталығы аясында «Өнер – өмірдің өзіндей мәңгілік» атты кездесу болып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Кездесуге облыстың  Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері Айтжанова Қарлығаш Зұлқайнарқызы мен Ахметов Руслан Қонысбайұлы арнайы шақырылып, олар оқушылармен сұқбат жасап, шәкірттердің қойылымдарын тамашалады.

Кездесу мақсаты – оқушыларды жергілікті дарынды тұлғалармен кездестіре отырып, олардың бойында өнерге, әдебиетке деген құлшыныстарын, ынтасын ояту, қазақ әдебиетінің алар биігі жайлы кеңінен дәріптеу.

Кездесу барысында, алдымен қонақтардың жетістіктері аталып өтілді. Атап айтар болсақ, Айтжанова Қарлығаш Зұлқайнарқызы көптеген байқаулардың жеңімпазы, «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Ахметов Руслан Қонысбайұлы «Тәуелсіздікке 20 жыл» төсбелгісінің иегері.

Кездесудің  ең тартымды тұсы  келген қонақтардың рольдер сомдауынан басталды десек артық айтқандық болмас. Театр сахнасында ғана сомдалатын рольдерді көрген оқушылардың қызығушылығы жүздерінен анық байқалып тұрды. Оқушылар кездесуде белсенді түрде қатысып, келген қонақтардан қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Кездесу өзіндік әсер қалдыра отырып, оқушыларға рухани байлық сыйлады.

Қызылорда қаласы, №9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік

лицей – интернаты

Қазақ тілі пән мұғалімі Шамшатова Айнұр