KATEV Халықаралық қоғамдық қоры

Кіру
Kazakh (CIS)Russian (CIS)
Home
A+ R A-

Нұр жауған ұлыстың ұлы күні!

 

 

 

 

 

 

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі наурыз мерекесі.

Наурыздың  22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ  халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін, Табиғат-Ана бусанатын көктем айы, табиғат мейрамы.

 

 

 

 

 

 

Қазақ  халқы баланың дүниеге келген сәтінен бастап үйленіп, отау тіккенге дейінгі қуаныштарының барлығына той жасап, ерекше атап өтіп отырған. Қазақ халқының салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.

Ұлыстың  ұлы  күніне орай  ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық  қазақ-түрік ерлер  лицей-интернатында «Нұр жауған ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік  іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға әр сынып оқушылары мен ата-аналары қатысып, қазақи салт-дәстүрімізді нақышына келтіріп көрсетуі тиіс болатын.

Көзделген мақсат толық жүзеге асып, әр  сынып қазағымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын толық жеткізді.

Нәтижесінде  бас жүлдені «Қыз ұзату» дәстүрін көрсеткен 8 «Б» сыныбы иеленді.   І орынды «Келін түсіру» дәстүрін көрсеткен 10 «А» сыныбы иеленсе,  ІІ орынға «Ат қою» дәстүрін көрсеткен 8 «А» сыныбы қол жеткізді.   ІІІ орынды «Бастаңғы» дәстүрін көрсеткен 7«Б» сыныбы иемденді. 

                                                                                                                   Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған

                                                                                                                   облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернаты

оригами из бумаги