Сейсенбі 07 Ақпан

Кел,балалар,оқылық!

     Күні  кеше ғана мектеп түлектері үшін соңғы қоңыраудың сыңғыры естілген еді.  Көзді ашып-жұмғанша  жазғы каникул күндері аяқталып, алғашқы қоңырау сыңғыры естіліп, білім ордалары өз шәкірттеріне есіктерін айқара ашты.
     Биылғы жаңа оқу жылы еліміздің шығыс өңірінде орналасқан  Өскемен қаласының тұрғындары үшін ерекше есте қаларлықтай болды. Бұлай дейтін себебіміз, «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен халықаралық «Нұр Орда – Өскемен» мектебі шәкірттеріне есігін айқара ашты. Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапаарбаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымы мен  шәкірттерге табыс тіледі.
  «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен салынған Халықаралық «Нұр Орда –Өскемен» мектебінің ғимараты   560 оқушыға арналған. Мектептің құрылысына 694,5 млн қаржы жұмсалған. Мектеп дайындық сыныптарынан бастап 11 сыныпқа дейін оқушы қабылдайды. Мектептің 11 жылдық бағдарламасы  гуманитарлық және жаратылыстану бағытын қамтиды.
   Оқу процесі төрт тілде: қазақ, орыс,ағылышн,түрік тілдерінде жүзеге асырылады. Мектепте барлық пәндерден байқаудан өткен, ең таңдаулы, тәжірибелі маман-мұғалімдер дәріс береді.
Бұған қоса, жаңа мектеп сыныптары интерактивті тақталармен, заманауи технологиямен, кітапхана және оқу залымен, зертханалармен жабдықталған. Мектепте буфет, асхана, дәрігерлік пункт, 2 спорт зал бар. Оқушылар интернет желісін емін-еркін пайдалана алады.
Біз шығыста жаңадан бой көтерген білім ордасының ұстаздар ұжымына, шәкірттерімізге  болашақта жетістіктер мен табыстар тілейміз.
Сондай-ақ, бауыр еті – балаларының болашағын бізге сеніп тапсырған ата-аналарға алғысыимызды білдіре отырып, балаларымыздың нағыз азамат болып өсіне бірігіп атсалысайық! - дегіміз келеді.
Қадамың құтты болсын, шығыстың шырайлы ордасы!