Дүйсенбі 06 Ақпан

Хабарландыру

  Наурыздың 6-жұлдызында «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақ-түрік лицейлерінің және жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Жарқын болашақ» атты 2-республикалық КАТЕV қазақ тілі олимпиадасының жартылай финалы өтеді.
                         
  Олимпиаданың басты мақсаты – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі ана  тіліміздің қайнарынан қуат алған ерекше дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету.
  Олимпиада оқушылардың қазақ халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруды, жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін ұштауға ықпал етуді көздейді.
  Олимпиадада алты бағыт бар: тіл білімі, ән айту, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым және өлкетану бағыты.
  Баршаңызды Республикалық деңгейде өткізілгелі отырған игі шараға келіп, жас жеткіншектеріміздің өнерлерін тамашалауға шақырамыз!
  Олимпиада  Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтеді.

Мерзімі:  6 наурыз, 2010 жыл
Басталуы: сағат 15.00
Келем деушілерге есік ашық!

                                                           «КАТЕV» Халықаралық Қоғамдық Қоры