Петропавлда ғылыми жоба жарысы
21 Желтоқсан 2009 13:07, Дүйсенбі
2009 жылдың 12-13 желтоқсан күндері аралығында Петропавл қаласында облыстық ғылыми жобалар байқауы өткізілді.
Байқаудың алғашқы күні облыстық кезеңге 188 жоба қатысып, осы жобалардың ішінен тек 88 оқушы сынақтың екінші кезеңіне өтті.
Қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары бұл байқауда 16 жоба қорғады. Атап айтсақ, Қазақстан тарихы, математика, биология, химия, информатика, физика бағыттары бойынша лицей оқушылары жүлделі 7- орынға табан тіреді. .
Ғылыми жобалардың шешуші республикалық кезеңіне жалпы саны 44 жоба жолдама алды.
Бұлардың ішінде қазақ-түрік лицейлерінен 4 жоба ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңіне қатысу құқұғына ие болды.
