2011 жылдың 30 қазан күні Ақтөбе қаласындағы дарынды жасөспірімдерге арналған қазақ-түрік лицей-интернатында Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ата-аналар арасында волейболдан жарыс өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтына баулу және ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Волейбол жарысына барлығы 7 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс нәтижесі бойынша: І орын 9 «В» сынып , ІІ орын 8 «А» сынып , ІІІ орын 7 «В» сыныбының ата-аналары жеңіске жетті.

Жеңімпаз ата-аналарға арнайы сыйлықтар және мадақтау қағаздары тапсырылды.
Ақтөбе қаласы, дарынды жасөспірімдерге арналған қазақ-түрік
лицей-интернаты
| < Алдыңғысы | Келесі > |
|---|

