KATEV Халықаралық қоғамдық қоры

Кіру
Kazakh (CIS)Russian (CIS)
Home
A+ R A-

Қостанай ҚТЛ құрама командасы шахмат турнирінің жеңімпазы атанды

Үстіміздегі жылдың 29 қазан күні Қостанай қаласында аса көрнекті ағартушы-педагог, Ұлы қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 170 жылдық мерейтойы және Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған мектепаралық шахмат турнирі ұйымдастырылды. 

shah1Турнир Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта болып өтті.

Турнирдің басты мақсаты – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау.

Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернаты да бұл жарыстан тыс қалмады.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі Оспанов Бейбіттің жетекшілігімен 3 оқушыдан құралған құрама команда қатысты.

Олар: 9-сынып оқушылары Аслямов Ильдар, Сакенов Сағадат және 7-сынып оқушысы Кучиков Асар.

Жарыс қорытындысы бойынша жекелік және жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға қол жеткізді.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Қостанай қаласы, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік

лицей - интернаты

оригами из бумаги