Дүйсенбі 06 Ақпан

Оксфорд мұғалімдер жетілдіру семинары

«КАТЕВ» ХҚҚ-ның қолдауымен қаңтар айының 4-5-6 мен 8-9-10-да Алматы және Астана қалаларында қазақ-түрік лицейлерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін Оксфорд Мұғалімдер Академиясының семинары болып өтті.

Оксфорд Мұғалімдер Академиясы (ОМА) Оксфорд университетінің сырттай оқыту бөлімінің тарапынан ашылған. Бұл ұйым ағылшын тілі мұғалімдерін ең соңғы әдістемелік нұсқаулар мен жаттығулармен қамтамасыз етеді.
Семинар ОМА-ның нұсқаушылары Тереса Догуелли мен Аида Ишенбаева тарапынан жүргізілді. Семинардың тақырыбы «Жасөспірімдерге ағылшын тілін оқыту». Семинарға еліміздегі қазақ-түрік лицейлерінен барлығы 67 мұғалім қатысты. Семинар оңтүстік аймақтағы мұғалімдер үшін Алматы қаласындағы қазақ-түрік лицейінде, ал солтүстік аймақтағы мұғалімдер үшін Астана қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінде өтті.
Семинар барысында Оксфорд нұсқаушылары жасөспірімдерге ағылшын тілін оқыту төңірегінде өздерінің әдістемелік білімі мен тәжірибесін кең көлемде бөлісті. Семинар кезінде көптеген жаңа жаттығулар мен ойындар мұғалімдердің назарына ұсынылды. Қазіргі кездегі жасөспірімдерді оқытудағы өзекті мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушы мұғалімдер бұл игі шараның өте пайдалы болғанын айтып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
Тереса Догуелли ханым мен   Аида Ишенбаева  болса, мұғалімдердің білім деңгейлерінің өте жоғары екендіктерін атап айтып, өздерінің тәжірибелерімен бөліскендеріне қуанышты болғандарын жасырмады.
Әр отырыстан кейін қатысушылар өз ой-пікірлерін қағаз бетіне түсірді, және бұл ой-пікірлерге сүйене отырып  Оксфорд Мұғалімдер Академиясы әр қатысушы мұғалімге өздерінің арнайы сертификатын береді.