KATEV Халықаралық қоғамдық қоры

Кіру
Kazakh (CIS)Russian (CIS)
Home
A+ R A-

«Туған тілім - тірлігімнің айғағы»

There are no translations available.

Жуырда Тараз қаласындағы қазақ-түрік экономикалық колледжінде «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты апталығы өткізілді.

Апталық барысында Тәліпжанова Кәмшат «Махамбет - азаттық жыршысы» тақырыбында ашық сабақ жүргізіп, ақын Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы туралы көптеген мәліметті ортаға салып, оқушылар қызығушылығын арттырды.

koled1  koled2  koled3

Мұғалім Зинура Абдрашитованың оқушысы «Таза мінсіз асыл сөз» - атты ғылыми - жобалар жарысына дайындық баяндамасын жасап, өз тақырыптарын жоғары деңгейде қорғады.

Сондай –ақ, ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай өткен «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» - атты кеште ақынның шығармашылығы туралы айтылып, өлеңдері мен әндері орындалды.

Білікті ұстаздар Амангүл Жанғазиева мен Райхан Мәселбек Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян поэмасы», «Шешендік өнер және сөз мәдениеті» атты ашық сабақтарын өткізді.

Апталықтың соңғы күні «Жігітке жеті өнер де аз» атты интеллектуалды сайысында «Ата салтың-халықтық қалпың» «Мақал-сөздің мәйегі», «Даналық ойдан дән ізде», «Сөзге шешен, ойға көсем, мен - қазақтың баласы» - атты бағыттар бойынша колледж жігіттері төрт топ болып өзара бақ сынасты.

Танымы мен тағылымын, білімі мен біліктілігін танытқан жігіттеріміз де еліміздің ертеңі екендіктерін мойындатты.

Тараз қаласы, қазақ-түрік экономикалық колледжі

Бөлім меңгеруші және психология пәнінің оқытушысы

К. С. Макетова

оригами из бумаги