Бүгінгі заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесін ең жоғары халықаралық талаптарға сай дамыту міндеті тұр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Дамыған елдердің тәжірибесі ұлттық гүлденуі негізінен үш шешуші фактормен: соны ғылыми жаңалықтарды игеруімен, білімнің деңгейімен және қызметкерлердің мамандандырылған кәсіби деңгейімен айқындалатынын көрсетеді» - деп атап айтқаны – бүгінгі заманда білікті ұстазға қойылар басты талап.
Осы орайда Өскемен қазақ-түрік лицейінде, лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Қ. Сегізбаеваның ұйымдастыруымен «Қазіргі түйінді құзіреттіліктер аясында жеке тұлғаның мүмкіндігін дамыту – ұстаз шеберлігі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Семинар мақсаты - білім мен тәрбие беру үрдісінің жаңашылдығы мен нәтижелігіне жетудегі педұжым мүшелерінің ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін дамыту.

Семинардың теориялық бөлімінде әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Сандуғаш Қыдырбекқызы «Білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «Бағдарлы оқыту – оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы», «Жаңа ғасыр мұғалімінің имиджі», «Осы заманғы сабақ, оның талаптары» бағыттарында көрнекі-демонстрациялы, түсіндірмелі-иллюстративті сұхбат жасап, жүйелі талдау жасады.
Практикалық бөлімде қазақ әдебиетінің білікті ұстаздары семинарға қатысушыларымен 8-сыныптың қазақ әдебиетінен «Шеберлік сынып» сабағын өткізіп, өз тәжірибесін ұсынды. Лицей директоры Әлімжан Бекежанұлы Игенбаев бастаған педұжым мүшелері оқушы ретінде сабаққа қатысып, өз пікірлерімен ой бөлісті.
Сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын жеке қасиетін аша түсіп, ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктерді қалыптастыру жолдарын іздестіру.
Семинардың қорытынды бөлімінде «Сабақты өзіндік талдаудың алгоритмі» (Ю.А.Конаржевский бойынша) негізінде ашық сабақ тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдерді жан-жақты бағыттай отырып, талданылды. Мұғалімнің сабағын сапалы етудің 7 көзі ұсынылып, тұжырымдалды.
Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернаты
Б .Б. Рахымжанова
| < Предыдущая | Следующая > |
|---|

