KATEV Халықаралық қоғамдық қоры

Кіру
Kazakh (CIS)Russian (CIS)
Home
A+ R A-

«Парасат» ата-аналар академиясы құрылды

There are no translations available.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижелі болуы үшін ата-ана мен лицей арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ағымдағы жылы Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында «Парасат» ата-аналар академиясы құрылды.

parasat1  parasat2  parasat3

Осыған орай, 2011 жылдың 19 қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Мырзабаевтың басшылығымен «Жауапкершілік сезімін балаға қалай үйретуге болaды?» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар өтті.

Семинардың мақсаты - лицей, ата-ана, ұстаздарды ұрпақ тәрбиелеу ісін біріктіру, ата-аналардың бала тәрбиелеу ісінде алатын орнын көрсету.

Семинар барысында «Дарынды балаларды тәрбиелеуде ата-ананың рөлі» тақырыбында слайдтық бейнелер көрсетіліп, ата-аналарға түсіндірілді.

Ата-аналар тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды.

Семинар оқушылардың бірінші тоқсандық қорытындыларын талдау мақсатымен, сынып ішілік жиналыспен жалғасын тапты.

Қостанай қаласы, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік

лицей-интернаты

оригами из бумаги