Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 14-18 қараша күндері аралығында Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында «Менің гүлденген ортам» атты 7-10 сынып арасында сыныптар мен фойелерді гүлдендіру сайысы өткізілді.
Сайыс мақсаты - салауатты өмір салтын ұстану.
Сайыстың критерийлері : сынып ішін гүлмен толтыру, эстетикалық талғаммен әсемдеу.
Сайыс қорытындысы бойынша І орын 9 «А» сынып оқушылары лайық деп табылды. Сынып жетекшісі Абдуррахман Өксүз.
ІІ орынға 8 «Б» сыныбының оқушылары иемденді. Сынып жетекшісі Муаммер Гүл.
Ал, ІІІ орынға 7 «С» сыныбының оқушылары қол жеткізді. Сынып жетекшісі Қарағаев Қуандық.
Бұл сыныптардың ерекшеліктері сыныптарын және бөлінген участкелерін эстетикалық жағынан да, гүлдің саны жағынан да өте жақсы гүлдендірген.
Аты аталған сыныптарға лицей әкімшілігі атынан ақшалай сыйлықтар берілді.
Ал, 8 «Б» сыныбы мен 7 «А», 10 «А» сыныптарына лицей әкімшілігінің марапаттау қағаздары берілді.
Астана қаласы, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік
лицей-интернаты
| < Предыдущая | Следующая > |
|---|

