2011 жылдың 30-шы қыркүйек және 1-ші қазан күні аралығында Алматы қалалық білім беру басқармасы мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Тәуелсіздіктің 20-жылдық аясында «Оқу-тәрбие ісінде инновациялық технологияларды тиімді қолдану – жан-жақты тұлға қалыптастырудың кепілі» атты практикалық семинары өткізілді.



Семинарға Алматы қалалық білім басқармасының тәрбие бөлімінің бастығы Қ. Қ. Молдабаева, Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С. Ғаниқызы, ««KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының тәрбие ісі жөніндегі жетекші маманы Н. Төлебаев, Алматы қаласындағы орта мектептерінің директор тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Алматы, Талғар, Есік қалаларында орналасқан қазақ-түрік лицей-интернаттарының тәрбиешілері және оқушылар қатысты.
Аталған басқосуда бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын өзекті мәселелер қарастырылды. Семинарды ұйымдастырушылар мектеп, ата-ана мен қоғам арасында тығыз ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұсыныстарды ортаға салды.



Семинар барысында «Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие мәселелері», «Мектептің тәрбие үдерісінде қазақ баласының ұлттық келбетін қалыптастыру», « тәрбие сағатын тиімді өткізу», «Тәрбиеші-оқушы қарым-қатынасы», Бала тәрбиесінде әкенің рөлі», Тәрбие жұмысының жылдық жоспары және тәрбие тұжырымдамасының орындалуы», «Ұлттық тәрбиені қалыптастыру», «Құқықбұзушылықтың алдын-алу», «Патриоттық тәрбие беру» тақырыптарында баяндама жасалды.
Семинар соңында келген қонақтар мен ұстаздар өз пікірлерін ортаға салып, болашақта осындай игі бастаманың жемісті болатындығына сенім білдірді.
«KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры
| < Предыдущая | Следующая > |
|---|

