There are no translations available.
Үстіміздегі жылдың 29 қазан күні Қостанай қаласында аса көрнекті ағартушы-педагог, Ұлы қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 170 жылдық мерейтойы және Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған мектепаралық шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Турнир Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта болып өтті.
Турнирдің басты мақсаты – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернаты да бұл жарыстан тыс қалмады.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Оспанов Бейбіттің жетекшілігімен 3 оқушыдан құралған құрама команда қатысты.
Олар: 9-сынып оқушылары Аслямов Ильдар, Сакенов Сағадат және 7-сынып оқушысы Кучиков Асар.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелік және жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға қол жеткізді.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қостанай қаласы, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік
лицей - интернаты
| < Предыдущая | Следующая > |
|---|

