KATEV Халықаралық қоғамдық қоры

Кіру
Kazakh (CIS)Russian (CIS)
Home
A+ R A-

Ақтөбе ҚТЛ-де «Химия ғажайыптары» атты онкүндік іс - шарасы өткізілуде

There are no translations available.

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Халықаралық химия жылы» деп жариялаған 2011 жылғы іс - шаралар аясында, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей интернатында химия пәні бойынша «Химия ғажайыптары» атты онкүндік іс - шарасы өткізілу жоспарланды.

 Жоспар негізінде аталған жылдың қараша айының 4-і күні облыстың химия пәні мұғалімдерінің қатысуымен оқу-әдістемелік семинары өткізілді.

himi1  himi2  himi3

Семинарда химия пәні мұғалімі Тор Али «Химия пәнін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында шебер класс өткізсе, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Дузимова «Жаратылыстану - математика пәндерін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады.

Бірлестік жетекшісі Б. Берсугурова «Жаратылыстану - математика пәндері мұғалімдерінің әдістеме бірлестігінің жүйелі жұмысы - оқушылар жетістігінің кепілі» тақырыбында сөз сөйлеп, бірлестіктің құрамы мен мұғалімдердің біліктілігі туралы өзекті мәселелерге тоқталып, соның негізінде жинақтаған жұмыс тәжірибесіне тоқталды.

Химия пәнінің мұғалімі Тор Али оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау барысында кездесетін қиындықтар жайында, сондай-ақ, пәнді оқытудың өзекті мәелелеріне өз іс – тәжірибесі бойынша талдау жасап, оқулықтар мен қолданылатын оқу құралдары туралы кеңінен сөз болды. Шебер класқа қатысушылар лицейдің 9 «Б» сынып оқушыларының «Химияның сиқырлы әлемі» тақырыбындағы пән бойынша жасаған тәжірибелер көрмесін қызықтады.

Директордың бағдарлы оқыту бойынша орынбасары Б. Базарғалиева лицейдің инновациялық жүйесі жөнінде баяндап, қазақ-түрік лицейлері оқушыларының, оның ішінде, Ақтөбе қазақ-түрік лицейі оқушыларының түрлі деңгейдегі олимпиада, ғылыми жарыстарда қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.

Семинарды «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының инновациялық- педагогикалық бөлімінің меңгерушісі Г.Сеилова қорытындылады.

оригами из бумаги